Торонтодағы «Мастерс»: Рыбакинаның ширек финалдағы қарсыласы анықталды

Автор: Алмас Ерсін

Қазақстанның бірінші ракеткасы Торонтодағы WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама үшін ресейлік Людмила Самсоновамен кездеседі

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның әлемдік рейтингтегі екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы «Мастерс» турнирінің төртінші айналымында ресейлік Людмила Самсоновамен (WTA рейтингінде 55-орын) кездеседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Sportarena.kz мәліметінше, турнирдің үшінші айналымында Самсонова әлемнің 75-ракеткасы, австралиялық Майя Джойнтты 7:5, 6:7 (3:7), 6:2 есебімен жеңді.

Енді ширек финал жолдамасы үшін ол америкалық Энн Лиді 6:2, 7:5 есебімен ұтқан қазақстандық Елена Рыбакинамен күш сынасады.

Турнирдің қазіргі чемпионы – канадалық Виктория Мбоко. Алайда ол аяқ жарақатына байланысты 2026 жылғы жарысқа қатысудан бас тартты.