Жәмила Бақбергенова Будапештегі халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды
Жарыс жолында отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады
Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен халықаралық рейтингтік турнирде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жарыс жолында отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Бұл салмақта бәсекелер айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылған.
Бақбергенова турнирдің алғашқы кезеңдерінде жоғары нәтиже көрсетті. Алғашқы белдесуінде ол Қырғызстан өкілі Қайыргүл Шаршебаеваны жеңсе, екінші айналымда Үндістан спортшысы Дикши Маликтен басым түсті.
Мәре сызығында, яғни турнирдің бас жүлдесі сарапқа салынған соңғы шешуші кезеңде қазақстандық балуан Польша спортшысы Виктория Холуйға есе жіберіп алды. Нәтижесінде Жәмила Бақбергенова халықаралық доданы құрмет тұғырының екінші сатысында аяқтап, күміс жүлдені қанжығасына байлады.
Айта кетейік, бүгін, 19 шілдеде грек-рим күресінен қалған салмақ дәрежелері бойынша жүлделер сарапқа салынады.