Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан Еуропа кубогының кезеңінде топ жарды

Автор: Алмас Ерсін

Қазақстандық спортшы Румыниядағы жасөспірімдер арасындағы жарыста алтын медаль жеңіп алды

Фото: ҰОК

Қазақстандық триатлоншы Диана Ержанова Румынияның Изворани қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз жарыс қашықтығын 35 минут 41 секундта бағындырып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Күміс жүлдені 35 минут 48 секунд нәтиже көрсеткен румыниялық Тунде Крисан иеленсе, қола медаль 35 минут 50 секунд уақытпен мәреге жеткен италиялық Элис Вентреге бұйырды.

Қазақстанның тағы екі өкілі үздік бестікке енді. Алуа Нұрмұхамет 36 минут 3 секунд нәтижемен бесінші орын алса, Калерия Шнайдер көшбасшыдан 26 секунд қалып, алтыншы болып мәреге жетті.

Ал қазақстандық Аида Ким жарыс жолын 36 минут 13 секундта аяқтап, тоғызыншы орынға тұрақтады.