Бүгін Франция мен Испания Әлем чемпионатының финалына өту үшін бақ сынайды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ойын Даллас стадионында өтпек

Фото: Global Look Press

Бүгін АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалдық матчы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Турнирдің финалына шығу үшін Франция және Испания құрамалары өзара ойнайды.

Кездесу Астана уақытымен 24:00-де басталады.

Ойын АҚШ-тағы «Даллас» стадионында өтеді, бас төреші сальвадорлық рефери Иван Бартон.

Бұл текетірестің жеңімпазы шешуші матчта Англия-Аргентина жұбының мықтысымен ойнайды.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде өтеді.