70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы ұлттық құрама қоржынына кезекті алтын медальді салды
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанып, ұлттық құрама қоржынына турнирдегі үшінші алтын медальді салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҰОК-ке сілтеме жасап.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Жүсіпов Үндістан өкілі Дипакпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын медаль бар. Бұған дейін финалдық жекпе-жектерде Назым Қызайбай (54 келіге дейін) мен Виктория Графеева (60 келіге дейін) жеңіске жеткен болатын.
Әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегерлері қатарында Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) бар.