67-минутта Майкл Олизенің тамаша пасынан кейін Килиан Мбаппе Франция құрамасын алға шығарды
Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын Сенегалға қарсы жеңіспен бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
I тобындағы алғашқы тур матчы 3:1 есебімен аяқталды.
Бірінші таймда есеп ашылған жоқ.
67-минутта Майкл Олизенің тамаша пасынан кейін Килиан Мбаппе Франция құрамасын алға шығарды.
82-минутта Брэдли Барколя алаңның өз жартысынан Адриен Рабьо берген ұзақ пасты тиімді пайдаланып, қақпашының үстінен асыра дәл соққы жасап, командасының басымдығын еселей түсті.
95-минутта Ибрахим Мбайе Сенегал құрамасының есеп айырмасын қысқартуына мүмкіндік берді – 2:1.
Алайда араға екі минут салып француздар қайтадан екі доптық басымдыққа қол жеткізді. 97-минутта Килиан Мбаппе дубль авторы атанып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі – 3:1.
Екінші турда Франция құрамасы Иракпен кездессе, Сенегал Норвегиямен ойнайды.
Бұл жеңіс Франция құрамасы үшін турнирдегі алғашқы жеңіс болды және командаға I тобында көш бастауға мүмкіндік берді.