Берлиндегі WTA 500 турнирінде әлемнің үздік теннисшілері бақ сынайды
Берлинде (Германия) WTA 500 санатындағы шөп төсенішіндегі турнирдің жекелей сындағы жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Sportarena.kz сайтының жазуынша, турнирге WTA рейтингінің көшбасшылары – Беларусь өкілі Арина Соболенко мен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина қатысады.
Соболенко мен Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды. Арина Соболенко Екатерина Александрова мен Анастасия Потапова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Ал қазақстандық теннисші алғашқы матчында Донна Векич пен Александра Эала жұбының жеңімпазымен кездеседі.