Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Сюйчжоу (Қытай) қаласында өткен Азия чемпионатында екі медаль еншіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Екі жүлде де алтын. Тұғырдың бірінші сатысына Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көтерілді.
Айнегов U17 жас ерекшелігі санатында үздік атанды. «Суперспринт» бағдарламасында қазақстандық спортшы мәреге 00:25:49 нәтижесімен жетті.
15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 уақытта бағындырды.
Бүгін, яғни, 14 маусымда, эстафеталық жарыстарда жүлделер сарапқа салынады.