Қазақстандық «Gimnasia Chiclana» клубы жалпы есепте төртінші орын алды
Көркем гимнастикадан қазақстандық спортшы Ақмарал Ерекешева Испанияның Овьедо қаласында өткен клубтық чемпионатында екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰОК мәліметінше, отандасымыз халықаралық турнирде екі рет қола жүлдеге ие болды.
Ерекешева шығыршықпен жаттығуда 29.700 ұпай жинады. Ал лентамен өнер көрсетуде төрешілер қазақстандық спортшыға 27.600 ұпай берді.
Айта кетейік, құрамында Ақмарал Ерекешева өнер көрсеткен «Gimnasia Chiclana» клубы жалпы есепте төртінші орын алды.