Анна Данилина «Ролан Гаррос» финалында жеңіліп қалды

Автор: Дәулет Ботагөз

Финалдық ойын 1 сағат 32 минутқа жалғасты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатының финалында жеңіліс тапты. Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге чемпиондық атаққа бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Финалда әлемнің үздік жұбына жол берді

Әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінде Александра Круничпен жұп құрды. Қазақстандық-сербиялық дуэт жарыста екінші нөмірмен тіркелген болатын.

Финалда олар әлемдік рейтинг көшбасшылары саналатын чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендке қарсы ойнады.

Кездесу 2:6, 5:7 есебімен Синякова мен Таунсендтің пайдасына аяқталды.

Матч 1,5 сағаттан астам уақытқа созылды

Финалдық ойын 1 сағат 32 минутқа жалғасты.

Кездесу барысында Данилина мен Крунич эйс жасай алмады. Сондай-ақ екі рет қос қателік жіберіп, алты брейк-пойнттың біреуін ғана тиімді пайдаланды.

Екінші жыл қатарынан финалда жеңілді

Анна Данилина мен Александра Крунич «Ролан Гаррос» финалында қатарынан екінші рет жеңіліп отыр.

Өткен маусымда олар шешуші кездесуде Италия өкілдері Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге есе жіберген еді.

Биылғы маусымда да қос теннисші Australian Open турнирінің финалына дейін жеткенімен, чемпион атана алмады.

Данилинаның қоржынында Grand Slam титулы бар

Анна Данилина әзірге әйелдер арасындағы жұптық сында Grand Slam турнирінің чемпионы атанған жоқ.

Алайда қазақстандық теннисші 2023 жылы АҚШ ашық чемпионатында аралас жұптық сында жеңіске жеткен. Ол кезде Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге өнер көрсеткен болатын.