05.06.2026, 23:22
Спорт

Қазақстан балуандары Моңғолиядағы турнирде үш медаль жеңіп алды

Халықаралық турнирде қазақстандық балуандар ел қоржынына үш жүлде салды

Қазақстан балуандары Моңғолиядағы турнирде үш медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирдің кезекті жарыс күнінде үш қола медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҰОК-ке сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Ардақов қола жүлде үшін өткен белдесуде Оңтүстік Корея өкілі Хенун Чхвені жеңді.

Қазақстан қоржынына тағы бір қола медальді 130 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Олжас Сырлыбай салды. Ол үндістандық балуан Джогиндер Ратхиден басым түсті.

Әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта Нилуфар Раимова үшінші орынға ие болды. Ол Сингапур спортшысы Даниэль Сью Чинг Лимді жеңіп шықты.

Ал Марал Танирбергенова (50 келіге дейін) өз белдесуінде жеңіліс тапты. Сондай-ақ Жәмила Бақбергенова (72 келіге дейін) қола медаль үшін күресе алмады. Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, спортшы жарақатына байланысты турнирден шығып қалған.

Еске салайық, бұған дейін грек-рим күресінің өкілі Нұрасыл Аманалы (97 келіге дейін) турнирдің күміс жүлдегері атанған болатын.