14 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарысқа Қазақстаннан 53 спортшы қатысты
Қазақстандық дзюдошылар Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Спортты дамыту дирекциясының Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Астанада 8–10 мамыр аралығында өткен тарихтағы төртінші Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі 10 мамырда өз мәресіне жетті.
14 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарысқа Қазақстаннан 53 спортшы қатысты.
Өз алаңындағы Grand Slam қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы сегіз медаль жеңіп алды: екі алтын, екі күміс және төрт қола.
Алтын медаль иегерлері:
Күміс жүлдегерлер:
Қола медаль иегерлері:
Қазақстан құрамасының бұған дейінгі турнирлердегі нәтижелері:
2026 жылғы турнирдің басты қорытындыларының бірі – бес қазақстандық дзюдошы Grand Slam сериясында алғаш рет жүлдегер атанды. Олар: Жалғас Қайролла, Ансарбек Ғайнуллин, Шерзод Давлатов, Аида Тойшыбекова және Айдар Арапов.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Талғат Орынбасар жарыстың басты фавориттерінің бірі, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Юн-Вэйді (Тайбэй) сенсациялық түрде жеңіп шықты.
Qazaqstan Barysy Grand Slam биылғы маусымдағы серияның соңғы турнирі болды. Қазақстандағы келесі ірі халықаралық жарыс 2027 жылы Астанада өтетін дзюдодан әлем чемпионаты болмақ.