Қазақстандық дзюдошы Душанбеде өткен Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алды

Автор: Алмас Ерсін

Нұрәділ Әлжан турнирдің қола жүлдегері атанды

Фото: ҚР ҰОК

Душанбеде дзюдодан Grand Slam сериясындағы турнир басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы алғашқы медалін еншіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық дзюдошы Нұрадил Алжан Grand Slam сериясындағы турнирде қола жүлдеге ие болды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол үшінші орын үшін белдесуге шығып, ресейлік спортшы Ачыта Домбууны жеңді.

Бұл жүлде аталған турнирдегі Қазақстан құрамасының алғашқы медалі болды.