Ол Испанияның Гранада қаласында өтіп жатқан нысана көздеу бойынша додада үздік ондық қатарына енді
Қазақстан спортшысы Валерий Рахымжан 10 метр қашықтықтағы пневматикалық тапаншадан ату сайысында финалға шығып, 8-орын иеленді, деп хабарлайды
Жалпы Қазақстан құрамасының атынан 15 спортшы қатысқан. Валерийден өзге мергендер жоғары нәтиже көрсете алмады.
Айта кетсек, Эльдар Иманкулов есімді мерген 45-орынға жайғасса, Кирилл Федькин 67-орынмен шектелді.
Алтын жүлдені қытайлық Бу Шуайхан жеңіп алса, екінші орынды ресейлік Антон Аристархов еншіледі. Қола медаль түркиялық Бугра Селимзаде спортшыға бұйырды.