Қазақстандық мергендер Әлем кубогында бақ сынайды

Автор: Дәулет Ботагөз

Жарыс Мароккода өтеді

Фото: Спорт істері және дене шынықтыру комитеті

25 наурызда Марокконың Танжер қаласында стенд атудан кезекті Әлем кубогы кезеңі басталады. Ұлттық құрама осы турнирде басымдықты нығайтуды көздеп отыр, деп деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Марокко төрінде ел намысын 13 спортшы қорғайды. Құрама сапында тәжірибелі мергендер де, жас таланттар да бар:

Ерлер: Әлішер Айсалбаев, Максим Бедарев, Александр Мухамедиев, Илья Пеньков, Марк Почивалов, Артем Седельников.

Әйелдер: Элеонора Ибрагимова, Ольга Хайлова, Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Анастасия Прилепина, Адель Садакбаева, Наргиза Сарманова.

Құраманың дайындығы қалай?

2026 жыл қазақстандық мергендер үшін сәтті басталды. Осыған дейін Дохада өткен Азия чемпионатында отандық команда жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, құрлықтағы ең мықты ұжым екенін дәлелдеген болатын.

«Қазіргі басты міндет — Азиядағы жетістікті әлемдік деңгейде бекіту. Спортшыларымыз жоғары орындар үшін таласып, халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте растауға ниетті», — деп хабарлайды Olympic.kz.