Паралимпиада-2026: Ербол Хамитов үздік ондыққа енді

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол шаңғы жарысында жоғары деңгей көрсетті

Фото: Параспорт орталығы

Миланда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы әрі қола жүлдегері Ербол Хамитов биылғы додадағы соңғы бәсекесіне қатысты. Қазақстандық пара-спортшы шаңғы жарысында жоғары деңгей көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жолы Ербол Хамитов шаңғы жарысынан 20 шақырымдық қашықтыққа шықты. Негізінен спринт қашықтықтарында шеберлігімен танылған спортшымыз үшін бұл осы Паралимпиададағы ең ұзақ әрі ауыр жарыс болды.

Нәтиже: Ербол мәреге жетінші болып келді.

Ол жарыс көшбасшысы ресейлік Иван Голубковтан 1 минут 59.2 секундқа қалып қойды.

Ербол Хамитов биылғы Олимпиадада  ел қоржынына алтын мен қола медаль салып, Қазақстанның пара-спортында жаңа белес орнатты. Ол алтын медаль алғаннан кейін берген сұхбатында спорттағы жаңа мақсаттары мен жоспарлары туралы айтқан болатын.