Спортшы оныншы наурыз күні бір қола медаль алған
Қазақстанның пара биатлоншысы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында із қуу сайысында алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 4,5 шақырым қашықтықта шаңғыға мініп, із қуу сайысында топ жарған.
Айта кетейік, Хамитов наурыздың 10-ы күні 1500 м классикалық спринт дисциплинасында 2 минут 29 секунд уақыт ішінде мәре сызығын кесіп өтіп, үшінші орынға ие болған.