Ол Қытай және Бразилия спортшыларынан кейін үшінші орын иеленді
Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан спортшысы Ербол Хамитов қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 1500 м классикалық спринт дисциплинасында 2 минут 29 секунд уақыт ішінде мәре сызығын кесіп өтіп, үшінші орынға ие болған.
«Жарыста бірінші орынды қытайлық Лю Цзысюй, ал екінші орынды бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера иеленді. Аталған дисциплинаның іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары Юрий Березин, Анна Грачова, Нурлан Алимов және Владислав Кобаль да өнер көрсетті. Алайда олар іріктеу кезеңінен өте алмады», - деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.
Ертең ұлттық құраманың спортшылары осы спорт түрінен 10 км интервалды жарыс бойынша бақ сынайды.