Сайыс Дохада өтті
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Катар астанасы Дохада өткен WTA 1000 турнирінде топ жарды. Финалдық кездесуде отандасымыз сербиялық серіктесімен бірге камбэк жасап, турнир чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Финалдық кездесуде Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич жұбына қарсы тәжірибелі Елена Остапенко (Латвия) мен Се Шувей (Тайвань) жұбы шықты.
Бірінші сетте қарсыластар басымдық танытып, Данилина мен Крунич 0:6 есебімен жеңілді. Екінші сетте 7:6 есебімен жеңіске жетіп, таразы басын теңестірді. Шешуші кезеңде есеп теңесіп тұрған кезде Анна мен Александра батылдық танытып, 10:8 есебімен жеңісті жұлып алды.
Айта кетейік, Анна Данилина қазіргі уақытта еліміздің жұптық сындағы ең үздік теннисшісі ретінде халықаралық аренада Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүр.