Олар спорттың жеті түрінен бақ сынайды
Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін, 14 ақпанда бақ сынайтын қазақстандық спортшылардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, сенбі күні Италиядағы додада Қазақстан намысын спорттың жеті түрінен 17 спортшы қорғайды.
Бүгінгі құрамдағы ең тәжірибелі спортшы — Юлия Галышева. Бұл оның мансабындағы бесінші Олимпиадасы. Ол алғаш рет 2010 жылы Ванкувер ойындарына қатысқан еді, ол кезде Юлия небәрі 17 жаста болатын.
Айта кетейік, Галышева — 2018 жылы Пхёнчханда өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.