Қазақстан 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын өткізеді

Автор: Дәулет Ботагөз

Тоқаев мәдени-гуманитарлық байланыстар туралы айтты

Фото: Getty Images

Президент Қазақстанның 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз. Қазақстан 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды. Бұрнағы күні мен қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) таныстым», – деді Тоқаев. 

Ол тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенетінін жеткізді.