$ 512.53  592.43  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2025, 04:03
Спорт

Қазақ боксшылары Баходир Жалоловтың үйіне барды (ВИДЕО)

Құрама өкілдері Дубайда ІВА-ның ұйымдастыруымен өтетін әлем чемпионатына дайындалып жүр

Қазақ боксшылары Баходир Жалоловтың үйіне барды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Айбек пен Нұрбек Оралбай Ташкенттегі оқу-жаттығу жиындары барысында екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловтың үйіне арнайы барып, оның анасымен жүздесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде тараған бейнежазбада қазақ боксшыларының даңқты спортшының анасын ерекше ілтипатпен қарсы алғаны анық көрінеді.

«Айбек пен Нұрбек өзбек батырының анасын гүл шоқтарымен қуантты. Ал Баходирдің анасы қонақтарға жүрекжарды алғысын айтып, әрқайсысын құшақтап, маңдайынан сүйіп, аналық мейірімін көрсетті», - деп жазды портал.

Ташкентте өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарына Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан және Таиланд құрамалары қатысып жатыр. Бірлескен спаррингтер мен дайындықтар 19 қарашада басталған.

Ал желтоқсанның басында құрама өкілдері Дубайда ІВА-ның ұйымдастыруымен өтетін әлем чемпионатына қатысады.

 

Серіктес жаңалықтары