Абай облысында балаларды зиянды контенттен қорғау шаралары күшейді
Курчатов қаласының прокуратурасы төрт мектепте оқушылардың тыйым салынған интернет-ресурстарға еркін қол жеткізе алғанын анықтады. Тексеру нәтижесінде информатика кабинеттерінде қажетті контент сүзгілерінің орнатылмағаны белгілі болды. Соның салдарынан кәмелетке толмағандар суицид, зорлық-зомбылық және ересектерге арналған материалдары бар веб-беттерді ашуға мүмкіндік алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Прокуратураның ықпалымен аталған сайттарға кіру шектелді. Білім беру ұйымдарының басшылары ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Қала прокуратурасы ата-аналар мен мұғалімдерді балалардың интернеттегі белсенділігін бақылауға және оларды зиянды ақпараттан қорғау үшін қажетті шараларды қолдануға шақырды.