Астананың білім басқармасы тұмауға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады

Автор: Бақыт Шынар

Мектептерде ауқымды іс-шаралар өткізуге тыйым салынады

Фото: istockphoto.com

Астана қаласының білім басқармасы қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты маңызды мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Дереккөзге сенсек, қаладағы мектеп пен басқа да білім беру ұйымдары штаттық режимде жұмыс істей береді. Бетперде тағу туралы міндет жоқ.

«Қаладағы білім беру ұйымдарында оқу процесі штаттық режимде жалғасып жатыр. Бетперде тағу режимі енген жоқ.Мектеп ішінде кабинеттік жүйе сақталып, ауқымды іс-шаралар өткізуге уақытша тыйым салынды», - деп хабарлайды білім басқармасы.