Шымкент тұрғыны былтыр жазда баласын сабаған адамнан жарты млн теңге өндіріп ала алмады

Автор: Бақыт Шынар

Сот моральдық шығынды 50 млн теңгеге дейін азайтып тастаған

Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты былтыр жазда орын алған оқиғаға қатысты істі қарап, дауға нүкте қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың мәліметіне сүйенсек, арыз жазған адам былтыр маусым айында аулада ойлап жүрген баласын сабаған адамнан 500 мың теңге моральдық шығын талап еткен. Сараптама балаға жеңіл дәрежеде зиян келгенін көрсеткен.

Жауап берген азамат бұл шығынмен келіспейтінін айтып, арызды қанағаттандырмауын сұраған.

Сот істі қарай келе моральдық шығынды 50 мың теңгеге дейін төмендетіп, арызды ішінара қанағаттандырған.