«Халық заңгері»: ел бойынша 120 мың адам тегін құқықтық көмек алған

Автор: Бақыт Шынар

Олардың көбі алаяқтық пен заңсыз несие туралы көмек сұраған

Фото: gov.kz

Қазақстан бойынша өткен «Халық заңгері» республикалық акциясына 120 мыңнан астам адам қатысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, акция 250-ден астам елді мекен мен ірі қалаларда өткен.

«Акция аясында 120 мыңнан астам адам өзін толғандырған құқықтық сұрақтар бойынша тегін әрі білікті кеңес алды», - деп хабарлайды прокуратура.

Акцияға қатысқан заңгерлер шетелдік колл-орталықтардың азаматтардың телефондарына жаппай қоңырау шалу, фишингтік сілтемелер жіберу және жоғары табыс уәде ету арқылы оларды «дропперлікке» (банк шоттары мен карталарын үшінші тұлғаларға беру) тартуымен байланысты интернет-алаяқтықтардың өсуіне орай азаматтарды бұл қылмыс түрлерінен қорғау бойынша нақты ұсыныстар айтқан.

Биылғы акцияға 4 мыңнан астам, заңгер, адвокат, нотариус қатысқан екен.