Бұл туралы бүгін президент мәлім етті
2029 жылға қарай елімізде білім алатын шетелдік студенттер санын 100 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президенттің айтуынша, қазіргі кезде еліміздің жоғары оқу орындарында 31 мыңнан астам шетел студенті білім алады. Бұл – қазіргі сәтте Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш.
Ақорда жазғандай, 2029 жылға қарай аталған межені 100 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін виза режимі оңтайландырылып, шетелдіктердің алаңсыз білім алуына барынша қолайлы жағдай жасалады.
Үздік түлектердің Қазақстанда тұрақтап қалуына мүмкіндік беретін жұмыспен қамту бағдарламасы іске қосылады.