Астана мен Алматыда күні-түні ашық тұратын кітапхана салынады

Автор: Бақыт Шынар

Сондай үшінші кітапхана Қызылордада да салынуы мүмкін

Фото: БҚО әкімдігі

Астана мен Алматыда тәулік бойы қызмет көрсететін кітапхана салынады. Осындай үшінші кітапхана Қызылордада ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бұл туралы бүгін Қызылорда жұртшылығымен кездескен президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, өнер саласына мән беретініне тоқталды. Астана мен Алматы қалаларында тәулік бойы қызмет көрсететін екі бірдей Президенттік кітапхана салынып жатқанын жеткізді. Болашақта осы секілді үшінші кітапхана Қызылорда қаласында ашылуы мүмкін екенін айтты», - деп хабарлайды Тоқаев.

Айта кетейік, президент бүгінде Қызылорда облысында сапарлап жүр.