Ол атын Айша деп өзгерткен
Қостанай облысының тумасы азан шақырып қойған «Ұлболсын» деген есімін «Айша» деп өзгертіп, желі жұлдызына айналды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оның есімін ауыстырғаны туралы видеосы желіге қатты таралып, қазақстандықтардың қолдауына ие болды.
«Мен енді ресми түрде Айша Рахымжанқызы болдым», - деп жазған ол.
Оның видеосы сегіз сағаттың ішінде 1,9 млн қаралым, екі мыңға жуық пікір жинаған.