Президент мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін БАҚ қызметкерлеріне алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тоқаев құттықтау сөзін twitter аккаунтында жариялай отырып, қазіргі пандемияға қарсы күресте журналистердің қызметі маңызды екенін атап өтті.
«Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында, оның ішінде, пандемияға қарсы күресте сіздердің қызметтеріңіздің маңызы зор. Қоғамды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздерге табыс және бақ-береке тілеймін», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.