Биыл дауласқан 212 мың адамның жартысына жуығы сотта татуласқан

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады

Фото: istockphoto.com

Жыл басынан бері әртүрлі мәселе бойынша дауласқан 212 мың адамның 46 пайызы сотта татуласқан. Жоғарғы соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев соттардың тоғыз айдағы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоғарғы соттың мәліметіне сүйенсек, бірінші сатыдағы соттар 1,8 млн істі қарапты.

«Медиабельді (212 мың) даулардың 46%  татуластыру рәсімдерін қолдана отырып аяқталды», - деп хабарлайды Жоғарғы сот.