Елімізде «Қазақстан» деген аты бар 28 адам өмір сүріп жатыр

Автор: Бақыт Шынар

Қазақстан атты ең қарт адам 92 жаста, ең жасы 25-те

Фото: Ұлттық статистика бюросы

Ұлттық статистика бюросы елімізде 28 адамға «Қазақстан» деген есім берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еліміз аттас жеті адам Қарағанды облысында, тағы алтауы – Ақмола облысында өмір сүреді екен. Қостанай мен Астанада «Қазақстан» атты 3 адам, Алматы, Маңғыстау облыстары мен Шымкентте екі адам өмір сүрсе, Ақтөбе, БҚО және Павлодар облыстарында «Қазақстан» есімді бір-бір адам бар.

«Осы 28 адамның ішінде бір әйелдің аты ғана Қазақстан. Жалпы, осы есіммен өмір сүріп жатқан ең кәрі адам 92-де, ал ең жасы – 25-те», - деп хабарлайды Статбюро.

Тегтер: