Оқушылар күзгі каникулда неше күн демалатыны белгілі болды

Автор: Бақыт Шынар

Бірінші тоқсандағы демалыс 7 күнге созылады

Фото: istockphoto.com

Қазақстандағы оқушылардың бірінші тоқсандағы каникулы 7 күнге созылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Каникул 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда аяқталады.

«Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады», - деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.

Айта кетейік, оқушылар қысқы каникул мен көктемгі каникул кезінде 10 күннен демалады. Бірінші сынып оқушылары  9-15 ақпан аралығында қосымша демалады.