Шектеулер 29 маусымнан бастап енгізіледі
Атырау облысында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қосымша шектеулер енгізілді, деп хабарлады өңірдің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанар Досымбаева.
Облыс аумағында қосымша уақытша шектеу шаралары 29 маусымда сағат 00:00-ден бастап енгізіледі.
«Көпшілік, отбасылық іс-шаралар, сондай-ақ, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар мен үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Азаматтардың жүріп-тұруы тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері бағытта болған жағдайда жұмыс орнынан анықтама (не қызметтік куәлігі) талап етіледі», - делінген хабарламада.
Азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын мекенжайына және жұмыс орнына жақын дүкендер мен дәріханалардан сатып алу керек. Сонымен қатар, денсаулығы нашарласа, тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық ұйымдарға баруға, үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын маңда серуендетуге рұқсат етіледі.
65 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік болмаса көшеге шығуға тыйым салынады.
Төмендегі объектілер сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді: