Компания әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді.
Семей тұрғыны Qazaq Oil жанармай бекетінде болған ыңғайсыз жағдайдың видеосын жариялады: оның көлігіне бензин құйылмаса да, таблода ақша айналып жатқан, деп жазады Azattyq Rýhy.
Видеоның астына пікір жазған компания өкілдері болған жағдайға өкініш білдіріп, бекетті тексеретіндерін айтты.
«Осындай видео түсіргеніңіз үшін рақмет. Біздің жанармай бекетінде мұндай ыңғайсыз жағдайға тап болғаныңыз өкінішті. Бұл – сапа мен әділдік қағидаттарына қайшы әрекет. Видеоны компанияның техникалық бөліміне бердік, тексеру жүргізіледі», – деп жазды компания өкілдері.
Оның видеосы әлеуметтік желіде резонанс тудырып, халық жанармай бекетін «ауа сатып жатыр» деп айыптады.