Жамбыл облысында 730 оқушыны дәрігерге тексертпеген 10 мектеп қатаң жазаланды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл балаларды профилактикалық тексеруден өткізу үшін 20 млн теңге бөлінген еді

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында прокурорлар кәмелетке толмағандарды медициналық тексеруден өткізу кезінде тіркелген заңсыздықтарды жойды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, Талас ауданындағы 10 мектеп міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында оқушыларды тексерту керек болған. 

«Алайда, биыл аудандағы 10 білім беру ұйымы 730 оқушыны арнайы медициналық тексеруден өткізбеген, осылайша, олардың құқығын шектеген. Прокуратураның қадағалау актісінің негізінде мемлекетке 20 млн теңге қайтарылды, балалардың бәрі тексеруден өтті», - деп хабарлайды прокуратура.