Ақтаулық дәрігер ауруханадағы жантүршігерлік жағдайды көрсетті

Автор: Azattyq Rýhy

Маңғыстау облысында 456 адам коронавирус жұқтырған

Ақтаудағы провизорлық орталықта емделіп жатқан науқастардың жай-күйін орталық қызметкері видеоға түсіріп, оны интернетке жүктеген.

Видео 24 маусым күні вирус жұқтырған науқастарды қабылдау кезінде түсірілген. Роликті Қоғамдық коммуникациялар орталығы таратты.

«Видеожазбадан көргендеріңіздей, науқастарға орын жетпей жатыр. Қазіргі таңда пациенттерді өзге провизорлық орталыққа жатқызып жатыр. Стационар қажетті медициналық аппараттардың бәрімен қамтамасыз етілген. Біз бұл видеоны халықты қорқыту үшін интернетке жүктеп отырғанымыз жоқ, адамдар қауіпсіздік шараларын сақтаса екен дейміз. Қазір санитарлық талаптардың бәрін түгел сақтау қажет, мүмкіндігінше үйден шықпаңыздар», - делінген Қоғамдық коммуникациялар орталығы таратқан хабарламада.