Бұл - миллион адамға шаққандағы көрсеткіштің рейтингісі
БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның мәліметтері бойынша, Қазақстан миллион адамға шаққанда жол апатынан қаза табатындардың саны бойынша Ресей мен Америкадан кейінгі 3-ші орында тұрған ел. Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері, осы 9 айда Қазақстандағы жол апаттарынан 1600-ден астам қаза тауып, 35 000-нан астамы жарақат алған.
«Статистика көрсеткендей, жол қозғалысы қауіпсіздігі жағдайы әлі де өте ауыр болып отыр. Жол апаттарының негізгі себептері – 86% жағдайда жүргізушілердің кінәсі, 14%-да жаяу жүргіншілер мен өзге де себептер», - деп хабарлады Бас прокуратура.