Ол форумға өте жақсы баға берген
Ақтау қаласында өтіп жатқан TurkicSkills 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының алаңына WorldSkills International ұйымының стратегиялық даму жөніндегі Кеңесінің мүшесі Рэй Инглиш арнайы келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасай отырып.
TurkicSkills 2025 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтіп жатқан маңызды халықаралық шара. Чемпионат Қазақстанның бастамасымен ұйымдастырылып, түркітілдес елдердің жас кәсіби шеберлерін бір алаңда тоғыстырды.
WorldSkills International өкілі Рэй Инглиш чемпионаттың өткізілу барысымен танысып, қатысушылар мен сарапшылармен сұхбаттасты. Ол ұйымдастыру деңгейін, техникалық базаны және қатысушылардың кәсіби дайындығын жоғары бағалады.
«Мен қатысушылардың ынта-жігерінен ерекше әсер алдым. Бұл чемпионат түрлі елдердің болашақ кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған ортақ мақсатта біріге алғанының айқын дәлелі», — деді Рэй Инглиш.
Оның келуі TurkicSkills 2025 чемпионатының халықаралық деңгейде мойындалғанын және Қазақстанның WorldSkills қозғалысын дамытудағы көшбасшылығын көрсетеді.
TurkicSkills 2025 – түркі елдері арасындағы алғашқы кәсіби шеберлік чемпионаты. Биылғы дода цифрлық технологиялардан бастап қолданбалы жұмысшы мамандықтарға дейінгі 10 құзыреттілікті қамтиды.
WorldSkills International өкілінің қатысуы TurkicSkills 2025 чемпионатының тек аймақтық емес, жаһандық маңызға ие кәсіби алаңға айналғанын айғақтайды.
Бұл шара жастардың еңбек нарығына бейімделуіне, елдер арасындағы мәдени және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанның жұмысшы мамандықтардың беделін арттырудағы рөлін айқындай түсті.