Бұл туралы 1 көпбейінді балалар ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады
Астанадағы 1 көпбейінді балалар ауруханасының жас дәрігері, балалар анестезиологы және реаниматолог дәрігер Александр Граб мезгілсіз көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми мәліметте дәрігердің нақты неден қайтыс болғаны айтылмаған. Ата-ананың көбі баласының өмірін аман алып қалған дәрігердің қазасына қайғырып, көңіл айтып жатыр.
«Балалар анестезиологы және реаниматолог дәрігері Александр Васильевич Грабтың қайтыс болғанын терең қайғымен хабарлаймыз. Александр Граб бүкіл ғұмырын балалардың өмірін аман алып қалуға тырысты. Ұзақ жылдар балалардың жансақтау бөлімін басқарды. Білікті маман, қамқор әріптес, үлкен жүректі азамат өзімен бірге жұмыс істеу мәртебесіне ие болғандардың есінде мәңгі сақталады. Аурухана ұжымы Александрдың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.