Жаңа жылдан бастап Қазақстанда қандай жәрдемақы 10% көбейетіні белгілі болды

Автор: Бақыт Шынар

Еңбек министрлігі құжатты талқылауға шығарады

Фото: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған кейбір жәрдемақы 10 пайыз көбейетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті қаулыны талқылауға шығарды.

«Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы қаулы. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 10 пайызға арттыру көзделген», - деп жазылған Қаулы жобасында.

Қаулы қазан айының жиырмасына дейін талқыланады.