Тұрғын үй төлемдері әр өңірде әртүрлі
Қазақстанда биылдан бастап азаматтық қорғау қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері беріледі. Енді мемлекет өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға ай сайын қаржылай көмек көрсетеді. Бұл тізімге тағы кімдер енгенін толығырақ Azattyq Rýhy материалынан оқыңыз.
Биыл маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған. Заңның негізгі мақсаты – азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру және олардың әлеуметтік қорғалу деңгейін көтеру.
Жуырда Үкімет қаулы қабылдап, тұрғын үй төлемдерін алатын азаматтық қорғау органдары лауазымдарының тізбесін бекітті. Бұл тізімге:
ТЖМ ақпаратынша, тұрғын үй төлемдерін алу үшін еңбек өтіліне, отбасы жағдайына немесе бала санына қатысты шектеулер қойылмайды. Ең басты талап – қызметкер мен оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда меншік құқығында тұрғын үй болмауы тиіс.
Сонымен қатар, тұрғын үй төлемдері қызметкерлердің балаларына кәмелет жасқа толғанға дейін төленеді.
Тұрғын үй төлемдері қызметкерлер баспанаға мұқтаж деп танылған күннен бастап қайта есептеу тәртібімен төленеді. Заң 1 шілдеде күшіне енгеніне байланысты, ең ерте төлем мерзімі сол шілде айынан басталады.
Әр өңірде төлем мөлшері пәтерді жалдау құнына қарай белгіленеді. Мәселен, Астанада жан басына 92 мың теңге төленуі мүмкін, ал басқа өңірлерде бұл сома әртүрлі болады.
Қызметкерлер екінші деңгейлі банктерде арнаулы шот ашып, сол шотқа ай сайын бюджет қаражаты аударылады. Бұл қаражатты мына үш мақсатқа ғана пайдалануға болады: