СҚО-да egov қызметкерлері 720 адамға заңсыз ЖСН берген (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Бұл азаматтар Қазақстан аумағында болмаса да еліміздің ЖСН алып  алған

Фото: «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру кезінде заң бұзған топты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметіне сүйенсек,  «Азаматтарға арналған үкіметтің» Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы Заң талаптарын бұзған.

«Қазақстан Республикасының аумағына келмеген шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін алу туралы 720 өтініштерін рәсімдеген. Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды. Қазір берілген жеке сәйкестендіру нөмірлерінің күшін жою шаралары қабылданып жатыр», - деп хабарлайды прокуратура.