«Шымбұлаққа» қатысты көлік дауы Конституциялық сотқа жетті

Автор: Бақыт Шынар

Құзырлы орган бензинмен жүретін көліктерге қатысты өзгерісті тексереді

Фото: instagram.com/shymbulakmountainresort/

Конституциялық Сот «Шымбұлақ» шатқалына бензинмен жүретін автокөліктердің кіруіне шектеу қоюдың Конституцияға сәйкестігін тексереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, жуырда Алматы қаласының әкімдігі жаңа ереже қабылдаған еді: оған сай енді Шымбұлаққа электр қозғалтқышындағы көлік құралдарынан (электромобильдерден), сондай-ақ коммуналдық, жедел және шұғыл қызметтердің арнайы техникасы мен көлік құралдары ғана кіре алады. Ал, бензинмен жүретін көліктер ерекше қорғалатын шатқалға кіре алмайды.  

«Өтініш берген адам бұл қаулы оның өз көлігімен өз үйіне еркін жүру құқығын шектейді, сондай-ақ электромобиль иелері үшін артықшылықтар белгілейді деп санайды, бұл бензинмен жүретін көлігі бар адамдарға қатысты кемсіту деп түсінген. Норманың Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми жарияланады», - деп хабарлаған Конституциялық сот.