Балалар әке-шешесінен қалған мұраны өз аттарына түсіре алмаған
Жамбыл облысы Шу ауданының соты ағайынды төрт жігіттің қала әкіміне қатысты талабын қарап, балалардың арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс материалына сенсек, төрт жігіттің әке-шешесі бір сәтте қаза тапқан – ерлі-зайыпты жол апатына ұшырап, мерт болған екен. Көлікте балаларда болған көрінеді, себебі төртеуі ұзақ емделуге мәжбүр болғандықтан, мұраны дер кезінде рәсімдей алмаған.
«Ағайынды төрт жігіттің ата-анасы 2023 жылы жол апатынан мерт болған. Аяқасты ажал болғандықтан, өсиет жазбаған. Олардың үйі мен басқа да мүлкі балаларына мұра болып қалған, бірақ балалар мұраны дер кезінде өз аттарына рәсімдей алмаған», - деп хабарлайды шу аудандық соты.
Арада жылдар өтсе де ата-анасының үйіне заңды мұрагер болғысы келген жігіттер уәкілетті органдарға барған екен. Бірақ, мұрагер болу үшін арыз жазу мерзімі өтіп кетті деген сылтау естіген соң олар мұрагерлік мерзімін қалпына келтіру үшін Шу қаласының әкіміне қатысты талап қойған.
«Сотқа жүгінген ағайынды жігіттер жол апатынан кейін арасында кейбіреуінің ұзақ емделгенін айтқан. Сондықтан, дер кезінде мұрагерлікті қабылдап ала алмаған. Сот мән-жайларды ескере отырып, оларға мұраны қабылдап алатын мерзімін қалпына келтіріп берді», - деп хабарлайды сот.