Астана әкімдігі Қарттар күніне орай 100 мың зейнеткерге 9 830 теңгеден төлейді

Автор: Бақыт Шынар

Төлем 1 қазанда беріледі

Фото: istockphoto.com

Астана әкімдігі Қарттар күніне орай 100 мыңнан астам зейнеткерге 2,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік төлем береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы әкімдік редакциямызға хабарлады.

Астана қаласының еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі түсіндіргендей, тізімге 100 мыңнан астам зейнеткер кірген. 2,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 9 830 теңге көлеміндегі төлем Астанада тіркелген және ең төменгі зейнетақы алатын қарттарға беріледі.