Бұл шара су құбырларының тазалығына байланысты қабылданып отыр
Ертең, 24 қыркүйек күні Семей қаласындағы мектептердің бәрі қашықтан жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Себебі, арнайы қызмет қаладағы су құбырларын дезинфекциялайды.
Оқу процесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы №349 бұйрығына сәйкес өтеді. Оқушылардың екі ауысымы да онлайн-платформалар арқылы білім алады.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бұл шаралар уақытша сипатқа ие және санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.