Шымкентте телефон алып өтпек болған 20 түлек ҰБТ-ға жіберілмеді

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар елордада дене қызуы көтеріліп тұрған бір оқушы тестілеуге кіргізілмеді

Фото: 24.kz

Нұр-Сұлтан қаласында дене қызуы көтеріліп тұрған бір оқушы емтиханға жіберілген жоқ. Мұндай жағдайға ол 15 шілдеге дейін тест тапсыра алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін республика бойынша белгіленген 161 пункттің 51-інде Ұлттық бірыңғай тест тапсыру басталды. Биыл оқушыларға калькулятор қолдануға рұқсат берілді. 

«Нұр-Сұлтан қаласында бүгін дене қызуы көтеріліп тұрған бір оқушы емтиханға жіберілмеді. Мұндай жағдайда олар 15 шілдеге дейін тест тапсыруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, індет жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болды деген 3 оқушы тестілеуге жіберілмеген. Олар ПТР-тесттен өткен соң емтиханға кіреді. Сондай-ақ, Шымкент қаласында өзімен телефон алып өткісі келген 20 түлек тестілеуге жіберілмеді», - деп жазылған телеарна сайтында.

Тегтер: