Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар қаладағы Әуезов ауданында 84 нысан дезинфекцияға жабылды

Фото: ашық дереккөзден

Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті. Қаланы екі күндік демалыста 2 мыңнан астам полиция күзетеді. Олар халықтың шоғырлануына жол бермеуі тиіс. Шектеу шаралары коронавирустың көп таралып кетуінен соң қайта қолға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бұл жұмыс қаланың барлық аудандарында жүргізілуде. Мысалы, Түрксіб ауданында адамдар көп жиналатын орындарда белгіленген шектеу шараларының сақталуын бақылау үшін полицияның жаяу патрульдік қызметінің 11 тобы ұйымдастырылды. Азаматтардың жаппай жиналатын орындары, яғни  саябақтар, скверлерді, жағалаулар, сауда-ойын-сауық орталықтарының маңайларын және т.б. патрульдеуге баса назар аударылды. Сонымен қатар, халықпен түсіндіру жұмыстары жанданды. Қала тұрғындарына санитарлық және гигиеналық нормаларды қатаң ұстануды, міндетті түрде медициналық маскалар киіп, әлеуметтік қашықтықты ұмытпауды ұсынады», - деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Алматы әкімдігі коронавирустан қорғану үшін бір ғана  Әуезов ауданында 84 нысан дезинфекцияға жабылғанын хабарлады. Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев 20-21 маусым күндері аудан аумағында барлық сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің,  базарлардың, спорт залдарының жұмысы тоқтатылатынын хабарлады. Қызметі тоқтаған барлық нысандарда санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы санитарлық шаралар жүргізіледі.

«Қазір полиция мен дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ауданда Asia Park, Sputnik Mall, Almaty Mall, Grand Park, Moskva metropolitan СОО және бұлардан бөлек 8  сауда орталықтары, 19 сауда үйі жұмыстарын тоқтатты, олардың арасында Armada, Car City, Тигрохауд, АвтоСити, 12 месяцев бар. 4 базар: Арыстан, Сары – Арқа, Ақсай – 3, Тигрохауд және 17 супермаркет Magnum, SMALL, Рамстор, Метро және басқалары. Сонымен бірге 28 спорт кешені D-fitness, FitnessBlitz, Invictus жұмыстарын тоқтатты. Сонымен бірге, адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін азаматтардың жемалыс күндері жаппай дем алуға келетін орындары жабылды, нақтырақ айтқанда: скверлер (4 шағын ауданда Сары-Арқа кинотеатының сыртында, және Алтынсарин даңғылы бойынша Қабдолов көшесінен бастап Жандосов көшесіне дейін) 8 шағын аудандағы жаяу жүргіншілер аймағы Family Park саябағы Сайран өзенінің батыс бөлігі», - деді  Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев.