Оның бас бостандығы шектелді
Сырдария ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалары үшін алимент төлеуден қасақана жалтарған «Т» есімді азаматты бір жылға шарты түрде соттатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда облысының прокуратурасы хабарлағандай, ол 2016 жылдан бері алимент төлеуге жағдайы болса да әдейі қашып жүрген. Осы уақыт аралығында оның борышы 8,1 млн теңгеге жеткен.
«Алимент төлеуге мүмкіндігі бола тұра, ол 9 жыл бойы өз міндеттерін орындамай, әрекетсіздік танытқан. 2016 жылдан бастап берешек сомасы 8 173 713 теңгеге жеткен. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеді», - деп хабарлайды Қызылорда прокуратурасы.